Вторник 07.01.2025 04:34 |
Приветствую Вас Гость Главная | Регистрация | Вход | RSS |
ПЬЕСЫ |
---|
|
Статистика |
---|
Ты тоже здесь?: 3 Гостей: 3 Пользователей: 0
|
|
...
Главная » 2010 » Июль » 26 » Фарида ШӘРІПОВА дүние салды
20:59 Фарида ШӘРІПОВА дүние салды |
В Казахстане умерла одна из моих любимейших актрис, сказавшая когда-то, пожалуй, самые теплые слова о моем творчестве. Но какие проникновенные слова находят казахи, прощаясь с любимыми артистами!
"...Қазақ өнері қара шәлі жамылды... Асқақты өнер иесі - нәрлі жүректі, еңбекқор нәзік білекті, нұрлы көзді, сүйрік сезімді, ой-санасы биік, қиял-ғажайыбы жүйрік, қайталанбас хас талант - Актриса өтті дүниеден... Фарида Шарипова бақиға аттанды... Қасиетті сахнаның сандуғашты сазының үні өксіді, кепиетті мекенінің орны үңірейді, ол киген сәукелелер мен сақина-білезіктер, тағынған шолпылар,.. жүрек-орамал оранған қыз-армандар, әйел-аналар,.. қан сорпалы-азапты рольдер,.. сүрген өмірлер, айтылған жырлар, шертілген сырлар, ақтарылған шерлер жетім қалды... Қан шымылдық қара бояу түрге енді, шаңырақтан жас тамды, көрермен залының самала шамы сөнді... Фарида-өнерпаз, Фарида-сезім, Фарида-ақылман, Фарида-жүрек,.. Фарида-жеңгем сал шекпен киді,.. Сары уайым-сағынышқа айналды... Жоқтардың санын көбейтті...
Бақұл бол, қайталанбас, қайтып келмес қымбат жан!..
Иманың жолдас болсын...
ТҰҢҒЫШБАЙ әл-ТАРАЗИ..." |
Категория: НОВОСТИ |
Просмотров: 1449 |
Добавил: florid_buljakov
|
|